Балалар

Облыстық жайдарман лигасы өз чемпионын анықтады

Екеуі де финалға дейін жолдама алды. Қазір олар чемпион атанудан үмітті.

Заманбек Жұмаханов, «Ақ орда» құрамасының ойыншысы, Ақмола облысы:

– Біз әр ойындарға қатысып, сүрінбей финалға дейін жеттік. Петропавлдан көп достар таптық. Чемпион атанғымыз келді.

Сахнаның көркін қыздардан құралған «Тәртіпті бұзықтар» командасы келтірді. Бойжеткендер еш қысылмай түрлі тақырыптағы әзілдерді ақтарып, көрерменнің қошеметіне бөленіп, әділ қазыларды күлкіге кенелтті.

Сымбат Лепес, «Тәртіпті бұзықтар» құрамасының ойыншысы, Петропавл қаласы :

– Біз тек қыздардан тұрсақ та жігіттерден кем өнер көрсетіп жатқан жоқпыз. Жыл жаңалығы болдық десек болады. Көрермендер жылы қарсы алды.

Қыркүйек айында бастау алған лигаға 10-ға жуық команда қатысты. Бірақ, бүгінгі финалға дейін мүдірмей жеткен тек 4 құрама ғана. Ұйымдастырушылар өңірде “Жайдарман” ойындары дамып, қатысушылар қатары көбеюде дейді.

Ерлік Мұхамеджанов, СҚО Жайдарман лигасының директоры:

 

– Бүгін кезекті жайдарман маусымы жабылады. Мектеп лигасының чемпиондарын анықтадық. Енді облыстық лиганың жүлдегерлері белгілі болмақ. Айта кетейін, биыл менің жетекшілігіммен оныншы жыл өтіп отыр.

Сәлемдесу, сұрақ-жауап, әуенді көрініс. Үш сайысты қазылар алқасы жеке-жеке бағалап, қорытындысында Астана қаласынан келген «Елорда» құрамасы «Қызылжар» лигасының чемпиондары атанды. Астаналық жігіттер қаламызда ұйымдастырылатын айдарман ойындарына осымен үшінші жыл қатысқан болатын.

Акбопе Танирберген