Әр түрлі

Мамырдың екінші онкүндігінде күн +30 градусқа дейін жылынбақ

Синоптиктердің болжауынша алдағы екі-үш күнде өңірімізде күн райы бұлыңғыр болып, жауын-шашын орын алады. Күндіз ауа температурасы +15-20, түнде +6 градус жылылықты көрсетеді. Ал, келесі онкүндіктің басында ауа райы суытады. Ал, келесі жартысында сынап бағанасы жоғарылап, түнде +10-15, күндіз +22-30 градусты көрсетеді.
Үшінші онкүндіктің бірінші жартысында күн күрт жылынып, келесі бөлігі салқын болмақ. Айта кеткен жөн, мамыр – жаңбыр жауып, найзағай ойнап, ауа райы біраз құбылмалы болатын ай. Осыған сай жауын-шашын да нормадан жоғары болады деп күтілуде.

Татьяна Мусина, “Қазгидромет” РМҚ СҚОФ инженер-синоптигі:

– Кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Бірінші онкүндіктің соңында жаңбыр жиі жауады да, екінші-үшінші онкүндікте найзағай жиілейді. Ай соңында кей жерлерде тұман болады. Жалпы бұл айда күн біресе жылып, біресе суытып, мың құбылады. Десе де қатты суықтар күтілмейді.

Акбопе Танирберген