Аптадағы маңызды жаңалықтар

Елбасы Жер кодексіндегі бірқатар нормаға мораторий жариялады

Мемлекет басшысы құжатты егжей-тегжейлі қарастырып, халыққа түсіндіру жұмыстарын күшейту керектігін айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев – Қазақстан Республикасының Президенті:

– Мен бүгін шешім қабылдаймын. Жер кодексінің қоғамдық резонанс тудырған бірқатар нормалары, нақты айтқанда былтырғы енгізген 4 норманы күшіне енгізуге ендігі жылға дейін мораторий жариялаймын. Алдымен егжей-тегжейін қарап, халыққа түсіндіріп, Парламентпен бірге шешіп, келісімге келетін болсаңдар, мораторийді аламыз, болмаса, түсірмейміз.

 

Риат Шони