Қоғам

Қызылжар ауданында 6 ұлттың өкілі бір отбасын құрап отыр

Галина Меркушина:

-Барлығы махаббатпен. Балалар кіммен отасқысы келді, сонымен баянды ғұмыр кешуде. Өзім де татар жігітіне тұрмысқа шықтым. Қанша жыл өмірдің ыстық-суығына бірге төзіп келеміз. Тұңғышым Лена да татар жігітпен отасты. Екінші күйеу балам – татар. Үшінші ұлымның жары – корей. Төртінші қыз украиндердің келіні. Кіші күйеу балам орыстан.

Қазір әр бала өз алдына жеке шаңырақтарын құрған. Деседе, әке-шешелерінің үйіне демалыс күндері мен мерекелерде барлығы жиналады. Ауылда әсіресе кішікентайларға ұнайды. Кең жерде асыл сарып ойнайды. Үй жануарларын тамақтандырады.

Кира Бекирова:

-Біз әжемізді жақсы көреміз. Осы жерде ойнаған ұнайды. Менің басқа да барлық бауырларым келеді.

Бүгін бұл балақайларға қорадағы жұмыртқаларды жинап келу сеніп тапсырылған. “Бұл бізге қиын емес, керісінше қызықты” дейді өздері. Оларды шелекке салып, үйге аналарына апара жатыр. Себебі, көпұлтты отбасының бірге тойлайтын мейрамдардының бірі Пасха жақындап қалды.
Қазір қызу дайындық басталған. Жұмыртқаны пісіріп, бояп жатыр.

Олеся Бекирова:

-Әр мерекені барлық отбасымызбен төрт көзіміз түгел отырып тойлаймыз. Жаңа жыл, Рождество, Наурыз барлығы біздің ортақ мейрам. Негізінен ауылға келіп қыдырамыз, жәрмеңкеге барамыз. Кейін үйде бесбармақ әзірлеп үлкен дастархан жаямыз. Жақында католиктердің пасхасын атап өттік, енді христиандардың мейрамы келе жатыр.

Арада бір сағат өтісімен мынадай мерекелік пасха себеті дайын болды. Өзгелері мұны әзірлеп болғанша Бекировтар әулетінің тағы мүшесі Диана мектептен келді. Неміс, татар, корей, қазақ. Бойжеткен қыздың бойында осы 4 ұлттың қаны бар.

Диана Хан:

-Менің отбасымда анам – татар. Әкем – қазақ. Екі ағам да қазақ. Мен Өзбекстан жерінде туылыппын. Сондықтан мені ол жерде корей ретінде жазып жіберген. Бірақ әкем – қазақ. Атам корей.

Әрине отбасының әр мүшесінің ұлты бөлек, әрқайсысына тән өзіндік тілі мен діні де бар. Бұған қарамастан айрандай ұйыған кішкентай мемлекет бірлік пен ынтымақтастықта өмір сүруде.


 

 

Акбопе Танирберген