МТРА жаңалықтары

Облыс орталығында әскери-патриоттық акция өтті

Нұрлан Қыстаубаев – Жұмабек Тәшенов атындағы №20 орта мектептің оқушысы:

-Ұшса құс қанаты талатын ұлан-ғайыр жерді ата-бабамыз бізге қалдырып кеткен. Біз осы жердің иесіміз. Сондықтан әрбір ер азамат Отан үшін аянып қалмауға тиісті.

Айсұлу Қалдарова – Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінің студенті:

-Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінде оқып жүрмін. Қазір көбі елдің болашағы жастардың қолында дейді. Менің ойымша, әрбір жас Қазақстанды көрейтуге, дамытуға үлес қосып, қиын жұмыстан қашпау керек.

Ұлттық ұлан әскери институтының әскери оркестрінің сүйемелдеуімен баршасы Қазақстан Республикасының Халық әртісі Ескендір Хасанғалиевтің “Атамекен” әнін шырқады.

Исі қазақ баласының рухын оятып, жігер-күш беретін осынау жүректен шаққан туындының сөздерін ақын Қадыр Мырза Әлі жазған. Тәрбиелік мәні бар шараны облыстық жастар бастамалары орталығы ұйымдастырыпты. Олар бұл акцияны Отан қорғаушылар мерекесіне арнаған екен.

Ерхан Шайпин – Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінің студенті:

-Қазір жастарға мемлекет тарапынан жақсы жағдайлар жасалуда. Оқушылар сапалы білім алып жатыр. Студенттер де қалаған мамандығын оқып, оған қоса көбі ақысыз білім алуда.

Қазыбек Қабдуллаев – М.Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледжінің студенті:

 

-Жастардың бойында ұлтжандылық сезімін оятатын шараның көп болғанын қалаймын. Біз болашақ Отан қорғаушылар – елдің іргесін берік күзетіп, әрдайым мықты қалпымызды сақтап, барша әлемге текті елдің ұрпағы екенімізді дәлелдеп жүруге тиістіміз.

Берік Қасен