МТРА жаңалықтары

Өңірдің өрт сөндірушілері орманда оқу-жаттығу жиындарын өткізді

Осы ретте петропавлдық өрт сөндірушілер әзірліктерін пысықтап, оқу-жаттығу жиындарын өткізді. Оған жергілікті 20-дан астам құтқарушы қатысты. Өрт жайлы хабар түсе салысымен оқиға орнына бірден 5 бірлік техника келіп жеткен. Мамандарға орманшылармен бірге от өршіп кетпес үшін арнайы кедергі құрып, тілсіз жауды аз уақыттың ішінде ауыздықтады. ТЖД қызметкерлерінің айтуынша жаз келісімен өрт оқиғаларының саны артады. Сол себепті, солтүстікқазақстандықтарға орманды алқаптарда отпен абай болуды ескертеді. Өткен жылы Қызылжар ауданының өзінде ғана осындай 15 өрт оқиғасы тіркелген екен.

Берік Қасен