Спорт

“Қызыл-Жар СҚ” ФК қостанайлық “Тобыл”-мен кездесу өткізді

Бүгін жергілікті “Қызыл-Жар СҚ” командасы Қазақстан Республикасының кубогінің 1/8 финалында сырт алаңда қостанайлық Тобылға қарсы кездесу өткізді. Тартысқа толы болған матчта қос құрама ойыншылары бір-бірінің қақпаларына гол соға алмады. Кездесудегі жеңімпаз тек матч соңындағы пенальти сериясында анықталды. Онда жерлес спортшылар 2-4 есебімен қостанайлық футболшыларды тізе бүктірді. Сонымен Қазақстан Республикасының кубогінің 1/4 ширек финалына “Қызыл-Жар СҚ” командасы өтті. Олардың қарсыласы сәуірдің 29-ы күні өтетін жеребе тарту рәсімінде анықталады.

Риат Шони