Құқық қорғау органдары

Петропавлда азық-түлік дүкендерін тонап жүрген күдіктілер анықталды

Барлық жағдайда құқықбұзушының сценарийі айна-қатесіз қайталанып отырған. Сатып алушы пакетіне темекінің бір блогы мен азық-түлікті салып беруді сұрайды. Кейін ең алыс сөреде тұрған тауарды алып беруді өтінеді. Сатушы нұсқаған затқа бет алған кезде ұры темекі мен азық-түлік салынған пакетті алып тұра қашады екен. Бұл іске қатысты криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шарасын ұйымдастырып, күдіктілер анықталды.

– В три часа дня пришел. Попросил 30 пачек сигарет. Положила, потом пошла в подсобку посмотреть, сколько в целом в наличии их было. Выхожу из подсобки – он уже убежал.

– Точно он был?

– Да, это он.

– На чем он был?

– Белая «Лада», то ли «Приора», то ли «Гранта».

– Такси, да?

– Такси.

Кейін анықталғандай күдікті деген екі азамат – 1982 және 85-ші жылғы қала тұрғындары. Олар бір-бірімен таныс емес. Бірақ, есірткі затын пайдаланады деген тұлғалардың есебінде тұр.

Алмаз Жакенов – Петропавл қаласы ІІБ бірінші полиция бөлімі криминалды полиция бөлімшесінің бастығы:

 


–  Жоғарыда аталған құқықбұзушылардың қылмысын тоқтату үшін дүңгіршектер, дүкендер мен сауда үйлерінің директорларына өз мүліктеріңізді сақтап қалу мақсатында бейнекамералар орнатуды сұраймыз.

Тәртіп сақшылары дүкендегі сатушыларға аса сақ болып, тауарды қараусыз қалдырмауды сұрайды. Егер де ұрлық фактісі орын алса тез арада полицейлерге хабар беру қажет екенін ескертеді.

Риат Шони