Оларды мамандар күндіз-түні үнемі бақылауда ұстайды. Кейін шабақтарды мұндағылар 6 айдан соң суға жібереді екен. Мәселен, мына кішкентай балықтар қазір біраздан соң Сергеев су қоймасына жөнелтілмек.
Ержан Жұмабаев – Петропавл балық питомнигінің директоры:
– Бүгінгі күні біз сиг тұқымды 55 миллион бас шабқты шығарып жатырмыз. Оның 48 миллионы Сергеев су қоймасына жіберіледі.
Жалпы биыл өңірдегі өзен-көлдерге тұқы және албырт тұқымды 96 миллион дернәсілді тарату жоспарда бар. Бұл жұмыстарға ел қазынанасынан 58 миллион теңгеден аса қаражат бөлінген. Мамандардың айтуынша басты мақсат – облыс аумағында су асты жәндіктерінің санын көбейту.
Виктор Фефелов – «Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» СҚО филиалының зертхана меңгерушісі:
– Рипус тұқымды балықтар нарықта өте бағалы. Сондықтан олардың санын біздерге көбейту қажет. Биылғы өңірде су мол. Бұл шабақтардың өмір сүріп кетулеріне қолайлы. Алдағы уақытта тағыда карп тұқымды балықтарды өзен көлдерге жібереміз.
Айта кеткен жөн, рипус тұқымды балықтардың ұзындығы қазан айында 18 см, салмағы 150 грамға дейін жетпек. Тағыда Петропавл балық питомнигі мамыр айында мемлекеттік тапсырыс аясында өңірдегі су қоймаларға 40 миллион карп шабақтарын жіберуді көздеп отыр.
Култанов Байболат