Аптадағы маңызды жаңалықтар

ҰОС ардагерлеріне 106 мың теңгеден төленетін болады

Жеңістің 71 жылдық мерекесі қарсаңында сұрапыл соғыс жылдары майданда от кешкен қарияларға 106 мың теңгеден үлестіріледі. Әлеуметтік көмек сондай-ақ, осы жандарға теңестірілген тұлғаларға, тыл еңбеккерлеріне де көрсетіледі. Ол үшін жергілікті бюджеттен 39 млн теңге қаржы бөлініпті. Ақшалай көмек мерекеге дейін қариялардың жеке есеп-шоттарына аударылатын болады. Алайда, бұл жұмысты өңірде аяқтаған аудандар да бар. Ол Есіл, Жамбыл және М. Жұмабаев аудандары. Облысмта қазір 203 соғыс ардагері тұрып жатыр.

Надежда Завьялова- СҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы:


–  Облыстың әкімдіктің қаулысына сәйкес ҰОС ардагерлері 50 АЕК көлемінде өтемақыға ие болады. Ол 106050 теңге. Тағы осы жандарға теңестілірлген, бұрынғы кеңестік кезеңнің орден, медальдарымен марапатталған жандарда 10 мың 605 теңгеден алады. Бұдан бөлек, ҰОС ардагерлері сурдо-тифлотехникалық, протезді-ортопедиялық құралдар және санаторлық-курорттарға жолдамалармен қамтылатын болады.

Магжан Ахмадина