МТРА жаңалықтары

Алдағы 3 күнде СҚО суық болады деп күтілуде

Синоптиктердің болжауынша, алдағы үш күнде өңірімізде күн райы бұлыңғыр болып, жауын-шашын болады. Сәуірдің 26-сы, яғни ертең облыс аумағында көшпелі бұлт шығып, найзағай ойнап,жаңбыр жаууы ықтимал. Күндіз ауа температурасы +16, түнде +5 градус жылылықты көрсетеді. Ал сәрсенбі мен бейсенбі күндері ауа температурасы төмендеп, тұман мен көктайғақ болады деп күтілуде.

Айгерим Ержанова