МТРА жаңалықтары

Петропавлда АӘД пәні мұғалімдері үшін бір күндік семинар ұйымдастырылды

Бұл жиын Ұлы Жеңістің 71 және Отан қорғашуылар күніне орайластырылған. Кездесуге қатысушылар негізінен көктем мезгіліндегі даладағы оқу-жаттығу жиындары жайын талқылады.

Ерғали Жарқынбаев – СҚО дене шынықтыру, спорт және АӘД бойынша өңірлік оқу-әдістемелік орталығының бас маманы:


–  Қазір оқу жылы аяқталып келе жатыр. Дәстүрге сай біз даладағы оқу-жаттығу жиындарын өткіземіз. Бұрындары бұл жиындарды 11-ші сынып оқушыларымен өткізсек, енді 10-шы сыныпты тартып отырмыз. Өйткені мектепті тәмамдаушылар ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындалулары қажет.

Алғашқы әскери дайындық сабағы мектепте жоғарғы сыныптардағы оқушыларға міндеттелген. Жасөспірімдерді патриоттыққа тәрбиелеу басты мақсат. Бүгін семинарға келгендерге арнап өнер колледжінің студенттері соғыс жылдарындағы әндерді шырқап, концерт ұйымдастырды.

Семинарға қатысушылар осындай жиындар алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімдері үшін тәжірибе алмасуда аса қажет дейді.

Ағжан Сұрағанов – облыстық дарынды балаларға мамандандырылған Қазақ-түрік мектеп-лицейінің АӘД пәні мұғалімі:


–  Бұндай семинарлар біз үшін өте қажет. Көптеген әріптестеріміздің оқу-әдістемесінен мол мағлұмат аламыз.

Негізі былтырғы жылы Петропавл қаласы бойынша 7 оқушы мектепті тәмамдағаннан кейін жоғарғы әскери оқу ордаларына түсіпті.

 

Риат Шони