МТРА жаңалықтары

Өткен жылы Мамлют ауданында “Дипломмен ауылға” бағдарламасы бойынша 27 жас маман жұмысқа орналасқан.

М.Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледжде бастауыш сынып мұғалімі мамандығын меңгерген ол бірден ауылдық мектепке жолдама алыпты.

Әсия Тілегенова – Меңгесер орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, Мамлют ауданы:

– Мемлекетке біз секілді жас мұғалімдерге қолдау білдіріп жатқандарына ризамыз. Ұстаздық қызмет – бала кезгі арманым болатын. Қазір екінші сыныптың оқушыларына сабақ беремін. Шәкірттерім ақылды, барлығымен тез тіл табысып кеттім. Жұмысқа тұрған алғашқы жылы бір реттік көтермеақы берді.

Жас маман жақында баспана алуға 1 миллион 700 мың теңгенің несиесін ресімдеген. Жалпы “Дипломмен ауылға” мемлекеттік бағдарламасы іске қосылғалы бері Меңгесер орта мектебінің құрамы 2 жас маманмен толығыпты. Өз кезегінде мектеп басшылығы қос мұғалімге тәлімгерлерді бекітіп, әдістемелік көмек көрсетуде.

Шалқыма Кажекова – Меңгесер орта мектебінің директоры, Мамлют ауданы:

– Ұстазы Омарова Гүлнара Еркінқызы жас маманның сабағына қатысып тұрады. Оның қалай сабақ беретіні, түсіндіреді, үй жұмысын қалай орындау керектігін бақылап отырады. Егер қателік жіберсе түзетіп, ақыл-кеңесін айтады. Өз кезегінде жас маман да тәлімгерінің сабақтарына жиі қатысуға міндетті.

Қазір Меңгесер орта мектебінде 138 оқушыға 26 мұғалім сабақ беруде.

Бакыт Садуакасов