Құтқарушылардың мәлімдеуінше Сергеев гидроторабында ернеуінен асқан ағын бәсеңсіп, 6 см-ге, ал Петропавл су торабында 2 см-ге дейін төмендеген. Қазіргі таңда Есіл және М.Жұмабаев аудандарында 6 үйді су басқан. Облыс орталығында Заречный кентіне баратын айналма жолдың 528-ші шақырымын, сонымен қатар көпір жағындағы жолдарды қызыл су шайып кеткен.
Риат Шони