Құқық қорғау органдары

Тәртіп сақшылары Заречный кентінде тәулік бойы кезекшілік құруда

Шәмшиден Ақышев – Петропавл қаласы ІІБ жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары:

-Заречный кентінде 6 жерде полиция жасағы кезекшілік құруда. Олар қомадық тәртіпті қадағалаумен қатар тұрғындарға судан өтуге көмек беруде.

20 ықшам ауданның шыға берісінде уақытша автотұрақ құрылған. Онда Заречный кентінің тұрғындары көліктерін қалдырып, көпір арқылы жаяу елді мекенге өте алады.

Анатолий Капмин – Заречный кентінің тұрғыны:

-Бөгеттегі жүргізіліп жатқан жұмыстарға көңілім толады. Полиция қызметкерлері айналаны қадағалап жүр.

Мамандар бұл жерде Заречный кентінен су кеткенге дейін болады. Жолдың ашылуы туралы ақпаратты 112 немесе 61 25 01 телефон нөміріне қоңырау шалу арқылы біле аласыздар.

Берік Қасен