МТРА жаңалықтары

Сауда орындарындағы қауіпсіздік – басты назарда

Олжас Бектұров – СҚО прокуратурасы 1-ші басқармасының бөлім бастығы:

-Заңдағы терроризмге қарсы iс-қимыл туралы 10-бапта осындай жерлерге жататын нысандар туралы айтылған. Олар қауіпсіздік шараларын қолдануы керек. Яғни, өткізу пункттері, бейнебақылау камераларымен жарақталуы тиіс. Бірқатар өңірлерде тексерістер болып, талапты сақтамаған кәсіпкерлер әкімшілік айыппұлдармен жазаланды. Егер ірі бизнес субъектісі болса, айыппұл көлемі 1000 АЕК дейін барады. Сондықтан, ішкі істер органдары тексеріс жұмыстарына кіріскенше, біз кәсіпкерлерге осындай жаңашылдықтарды түсіндіруді жөн санадық.

“Дария” базарына күніне 2 мыңнан астам адам келеді екен. Сондықтан, қауіпсіздік шараларын қолға алу қажеті екені айтпаса да түсінікті. Мұнда 30 камера бар. Бірнешеуі екі жыл бұрын орнатылыпты. Енді биыл сыртына да тағыпты. Құрылғыларды алуға 1 млн теңге қаржы жұмсалған екен.

Роза Шакирова – «Рынок Дария» ЖШС директоры:

-Бізде барлық жерде бейнебақылау камералары орнатылған. Жаңа талаптарға сай ондағы ақпарат 1 ай көлемінде сақталады. Өте тиімді. Барлық заңбұзушылықтарды байқауға болады. Тіпті, кішігірім жайттардың өзі көрінеді.

Кәсіпкерлер қауіпсіздік құрылғыларын орнату қымбатқа соғады деп отыр. Алайда, айыппұл мөлшері одан да жоғары екендігін ескерген абзал.

 

 

Магжан Ахмадина