МТРА жаңалықтары

Қызмет бабында қаза тапқан құтқарушыға мемориалдық тақта орнатылды

Қызмет барысында қаза тапқан ер азаматқа арнап бүгін әріптестері мемориалдық тақта орнатып, 1 минут үнсіздікпен еске алды.

Алтынбек Әбдірахманов қатардағы жауынгерден бастап аға өрт сөндіруші қызметіне дейін көтерілген екен. 27 жасында қыршыннан қиылған жерлесімізді әріптестері жұмысына адал әрі еңбекқор еді деп еске алуда.

Жанарбек Ахметов – №1 өрт сөндіру бөлімінің бастығы:

– Жақсы жігіт еді. Қашан болса да жолдастарының алды болып, өзі спортқа да бір табан жақын тұғын. Өрт сөндірушілердің арасында үздік өрт сөндіруші болып та үлгерді. 01-50Енді осындай оқиғалар болса екен дейміз. Қашан да оны есімізде сақтап жүреміз.

Мемориалдық тақтаның ашылу салтанатына марқұмның жақындарымен бірге әкесі де келді.

Орал Әбдірахманов – Алтынбек Әбдірахмановтың әкесі:

– Барлығына алғысымды айтамын. Соның ішінде балам істеген өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері мен басшылығына рахмет. Әрқашан артында қалған балалары ама-сау болсын. Мұндай жағдайды ешбір отбасының басына келтірмесін.

Бүгінде марқұмның артында жары мен 4 және 5 жастағы ұл мен қызы қалды.

 

Бакыт Садуакасов