МТРА жаңалықтары

Жүзден астам адамның улануына себепші болған аспазға қатысты сот үкімі шықты

Оның 86 бала. Іс дер кезінде жергілікті сотқа жіберілді. Тергеу шараларының нәтижесінде аталмыш лагерьдің бас аспазы жұмысқа жалған медициналық кітапшамен орналасқаны белгілі болды. Өзінің дизентерия ауруына шалдыққанын жасырған әйел санитарлық-эпидемиологиялық норманы бұзумен қатар, балалардың өміріне қауіп төндірді.

Дәурен Дюсенбаев – Қызылжар аудандық сотының судьясы:

-Қызылжар аудандық сотының үкімі бойынша бас аспаз Татьяна Лайдыкер бас бостандығына 2 жыл шектеу қойылады. Оған өзі тұратын елді мекеннен алыс ұзап шықпауға, қоғамдық орындарға баруға тыйым салынады. Және үш жыл қоғамдық тамақтандыру саласында жұмыс істей алмайды.

 

Берик Касен