Максим Ушаков – СҚО аңшылар мен балықшылар қоғамының аңшылық бойынша маманы:
-Жолдамаларды сатуды біз өткен аптада бастадық. Құны әр түрлі. Біздің қоғамның мүшелері үшін 4 мың теңге, ал өзге аңшылар үшін ол 10 мың теңгені құрайды. Жалпы біздің ұйымға 12 аңшылық шаруашылық кіреді, оларда 3 мыңға жуық аңшы тіркелген.
Қазір облыстың өзен-көлдеріне біртіндеп дала үйректері ұшып келуде. Сондай-ақ, орманды алқаптарды да құр құстары да кезіп жүр. Көктемгі аңшылық маусымында дәл осы қанаттыларға саятшылық құруға рұқсат етілген. Ал егер де аталған құстар топ болып ұшып бара жатса оларды атуға қатаң тыйым салынған. Айта кету қажет, биыл аңшылық жасауда бірқатар өзгерістер енгізіліп отыр.
Олег Беспалов – СҚО орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясының бөлiм басшысы:
-Көктемгі аңшылық маусымында дала үйректері мен құр құстарының тек аталықтарын атуға рұқсат етіледі. Ол үшін саятшылық жасайтын адамда міндетті түрде жасанды үйрек болу керек. Сонымен қатар, атып алуға болатын суда жүзетін құстардың жолдамада жергілікті жердегі қорықшы белгілейді.
Жалпы өңірде көктемгі аңшылық маусымы сәуірдің 23-і мен мамырдың 7-і аралығында жүреді. Арнайы бекітілген саятшылық құру тәртібін бұзғандарға 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінен бастап айыппұл салынады.
Риат Шони