МТРА жаңалықтары

Петропавл су торабындағы тіршілік көзінің деңгейі 3 см-ге жоғарылады

Қазір Новоникольск елді мекенінде тасқынның деңгейі жоғарылап, облыс орталығына жақындап келеді. Соңғы тәулікте Петропавл су торабындағы тіршілік көзінің көлемі 3 см-ге жоғарылап, 94-ке жеткен. Салдарынан 7 саяжай қауымдастығы зардап шегіп, 153 учаскені су шайған. Қазір онда қозғалыс барлық автокөліктер үшін жабық. Заречный кентінің тұрғындары мен оларға арналған азық-түлікті төтенше жағдайлар департаментінің арнайы техникалары тасымалдайды. Жалпы өңірге қызыл су келгелі 403 баспанаға су кіріп, 513 ауланы шайып кеткен. 800-ге жуық адам қауіпсіз аймақтарға көшіріліпті.

 

Магжан Ахмадина