МТРА жаңалықтары

Облыстық бюджет нақтыланды

Әлем елдерін жайлаған дағдарысқа байланысты бүгіндері ел экономикасын нығайта түсу қажет. Бұл ретте ауыл шаруашылығы саласын дамыту маңызды. Сондықтан Елбасының тапсырмасын орындау мақсатында 3 млрд теңгеге жуық қаржы гербицидттер мен тыңайтқыштар бағасын арзандатуға, мал шаруашылығын дамытуға бағытталмақ.

Ескен Әкімжанов- СҚО қаржы басқармасының басшысы:

-Биыл облыстағы қар мөлшері өткен жылдармен салыстырғанда біршама көп. Сондықтан оны тазалауға және көктемгі уақытта тасқынның алдын алуға, азаматтық қорғаныс саласын дамытуға 11,6 млн теңге, тағы инвестиция тартуға, облыстық энергетика және тұрғын үй коммуаналдық шаруашылығы мен индустриялдық инновациялық даму басқармаларына қосымша 286 млн теңгеден астам қаржы бағыттау көзделген.

 

Магжан Ахмадина