Спорт

Теріскейлік велошабандоздарға олимпиада чемпионы Александр Винокуровтан сыйлықтар табыс етілді

Айта кету қажет, Петропавл – “Vino байктар” әкелінген алғашқы қала. Велосипедтің барлық бөлшектері Европада жасалынса, ал толығымен Алматыда құрастырылады. Спортшылардың айтуы бойынша бұл – сапалы көлік. Сәйкесінше бағасы да жоғары. Мәселен, бір велосипед шамамен 300 мың теңге тұрады. Жалпы солтүстікқазақстандық спортшыларға 900 мың теңге көлемінде көмек көрсетілді. Негізі қоғамдық қор 2013-ші жылы құрылған. Енді бірлестіктің өкілдері “Спорттық Қазақстан” акциясы аясында еліміздің 7 қаласында болып қайтпақ.

Дмитрий Андрющенко – А.Винокуров атындағы велоспортты дамыту және қолдау қорының өкілі:

-Александр Винокуров кез келген жиында сөз сөйлегенде – резервтегі спортшыларға көп көңіл бөлу қажет дейді. Бізге қазақстандық велошабандоздардың мықты болғаны керек. Оның үстіне мектебіміз де жақсы. Біз қазір балалар жаттығып жүрген әр мектепке баруды көздеп отырмыз. Оларға барынша қолдау көрсетіп, спортты жанына серік етулеріне тырысудамыз.

 

Риат Шони