Спорт

Петропавлда “Таэквондодан республикалық чемпионат” өтті

Владимир Хан – Солтүстік Қазақстан облыстық таэквондо федерациясының президенті:

-Бұл сайыс 2 жылда 1 рет өткізіледі. Барлығы – қазақстандық 7 команда және ресейлік 3 команда жиылды. Жарыс жеңімпаздары диплом, медаль және арнайы Алматы қаласында тапсырыс бойынша жасалған кубоктармен марапатталады. Жеңіске жету үшін ең бастысы, таэквондошы өзіне сенімді, салқынқанды, сабырлы болу керек. Қандай әрекет жасаса да ойланып істеуі қажет.

Теміртаулық Мүсілім Толқынбаев пен қарағандылық Диас Зирлеу – таэквондодан көптеген жарыстардың жүлдегерлері. Жеткіншектердің шығыс жекпе-жек өнерімен айналысқандарына көп уақыт болмаса да топ жарып, көзге түсіп жүр.

Мүсілім Толқынбаев – жарысқа қатысушы, Теміртау қаласы:

-Екі жыл жүзуге барған едім. Сосын 6 жасымнан таэквондомен айналыстым. Жеңіске жетемін деп ойлаймын. Мен осы жарыста 1 рет жеңілдім. Келесіде бәрін жеңемін.

Диас Зирлеу- жарысқа қатысушы, Қарағанды қаласы:

 

-Жасым 13-те.Таэквондоға 6 жыл қатысып жүрмін. Менің 24 медалім бар.Оның ішінде – 12 алтын, 6 2-орын, 6 3-ші орын бар. Семей қаласында болдым, 1-ші орын алдым. Алматы қаласында болдым, 2-ші орын алдым. Қарағанды қаласында чемпионатта 1-ші орын алдым. Мен жеңемін деп ойлаймын. Өйткені, мен өте көп дайындалдым.

Татамиде жас спортшылар екі күн бойына күш сынасты. Нәтижесінде, Қарағандыдан келген меймандар көш бастады. Ал жергілікті спортшылар екінші орынға тұрақтап, үздік үштікті екібастұздық спортшылар тұйықтады.