МТРА жаңалықтары

Өңірде су тасқыны әлі сейілген жоқ

Онда қызыл су 10 үйге кіріп, 29 ауланы басқан. Ал облыс орталығында қазір 150-ге жуық саяжай учаскесі тасқыннан зардап шекті. “Қазсушар” кәсіпорнының мәлімдеуінше Петропавл су қоймасына келетін ағын тоқтады. Қазір ондағы су деңгейі 95 метр. Ернеуінен асқан тасқынның биіктігі 99 метрді құрады. Бүгінде Сергеев су қоймасындағы қызыл судың беті қайтуда. Онда қазір 813 текше метр су бар. Су қоймасы 117 пайызға толған. Дегенменде, тасқын сейілді деуге әлі ерте.

 

Риат Шони