МТРА жаңалықтары

СҚО биыл 3-ші рет “Мәңгілік полк” шеруі өткізілмек

Надежда Семенько – «Мәңгілік полк» акциясының Петропавл қаласындағы үйлестірушісі:

-Бірінші жылы бұл акцияны ұйымдастыру өте қиын болды. Адам аз жиналады деп ойладым. Бірақ, алаңға 1 мыңнан астам адам шықты. Қуандым. Осылайша бұл акция жыл сайынғы дәстүрге айналды. Жиында ерекше көзге түскендер, ол – балалар болды. Жастар бабаларының ерлігін білулері тиіс.

Шара барысында 9-шы мамыр күні жерлестеріміз ұрпаққа бейбіт өмір сыйлған солтүстікқазақстандық майдангерлердің суреттерімен қала көшелерін аралап, еске алмақ. Бүгінде мұндай шеру Петропавла, Астана мен Алматы, Шымкент қалаларында және еліміздің 21 елді мекенде өткізіліп тұрады.

Шеру алғашқы рет көршілес Ресей елінде БАҚ өкілдерінің ұсынысымен бастау алған. 2012 жылы «Мәңгілік полк» акциясына Томск қаласының 6 мыңнан астам тұрғыны 2 мыңға жуық соғыс ардагерінің суретін алып шыққан.

Надежда Семенько – «Мәңгілік полк» акциясының Петропавл қаласындағы үйлестірушісі:

-Жылдан жылға майданда болған жерлестеріміздің саны азаюда. Бұл өкінішті, әрине. Біз оларды құрметтеп, тиісті қошемет көрсетуіміз керек. Сол себепті, барлықтарыңызды мамырдың 9-ы күні өтетін «Мәңгілік полк» шеруіне қатысуға шақырамын. Жиын маршрутын БАҚ мен әлеуметтік желілер арқылы тарататын боламыз.

Айту керек, 40-шы жылдардың сұрапыл соғысына біздің өңірден 70 мың солтүстікқазақстандық аттанған. Бүгінде олардың небәрі 200-ден астамының ғана көзі тірі. Ұйымдастырушылар бұл батырлардың ерлігін тек мамырдың 9-ы күні ғана еске алып қоймай, өмір бойы ұрпақтан ұрпаққа жеткізуді мақсат тұтып отыр. Сол себепті, олар moypolk.ru сайтын құрып, майдангер солдаттар туралы деректер жинауда. Бүгінде аталған қорға 270 мың сарбаз туралы ақпар келген. Мұнда қазақстандықтардың да есімдері тіркелген.

 

 

Айгерим Ержанова