Балалар

Петропавлда мүмкіндігі шектеулі балалар шығармашылығының облыстық “Жұлдызай” фестивалі өтті

15 жастағы Назар Нұғман байқауда Ақжар ауданының намысын қорғауда. Сахнада өнер көрсеткенді ұнататын ол бүгін Қазақстан туралы ән шырқады.

Назар Нұғман – Чкалов арнайы (түзету) мектеп-интернатының 7-сынып оқушысы, Ақжар ауданы:

 

-Мен бұл әнді өзім таңдадым. Жаттадым. Болашақта әнші болғым келеді.

Бұл байқауда балалар 5 аталым бойынша сайысты. Үздіктер ән мен би, ыммен орындау, бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер аталымдары бойынша таңдалды. Жалпы, аталмыш шара жарымжан балалардың өмірге құштарлығын оятып қана қоймай, шығармашылық жағынан шыңдалуына серпін бермек.

Алтынай Тәңірбергенова – «BI-Жұлдызай» КҚ директорының орынбасары, Астана қаласы:

-Бұл фестиваль 2004-ші жылы бастау алды. Содан бері, міне, жыл сайынғы дәстүрге айналып, жалғасып келеді. Алғашқы шараға 76 баламен шықтық. Бүгінде олардың саны артуда. Биыл республикалық байқауға 300 адам таңдалады. Қазір қалаларды аралап дарынды балаларды іріктеп жүрміз. Енді небәрі 4 шаһар қалды. Петропавлдан кейін, Қарағандыға, Қостанайға және Алматыға жол жүреміз.

Бұл тек іріктеу сыны ғана. Мұнда өз талантымен дараланған солтүстікқазақстандық 16 өнерпаз Астанада республикалық фестивальда өңір намысын қорғап, бақ сынайтын болады. Ал, онда үздік деп танылғандар 1-ші маусым – Балаларды қорғау күні өтетін гала-концертте эстрада жұлдыздарымен өнер көрсетпек.

 

 

Айгерим Ержанова