МТРА жаңалықтары

«Қызылжар су» ЖШС қоғамдық тыңдау өткізді

Арман Сауытов – «Қызылжар су» ЖШС техникалық директоры:

-Инвестициялық бағдарлама аясында 117 млн теңгеге 2-ші көтерілім сорғы станциясын қалыпқа келтіру шаруалары басталды. Ол жұмыстар биыл да жалғасатын болады. Тағы 97 млн теңгеге энергия үнемдейтін сорғы агрегаттары, 20 млн теңгеге жаңа техника алынды. Коллекторларды жаңғырту бойынша жобалық-сметалық құжаттарды дайындауға да қаржы жұмсалды.

Бүгіндері су құбырларының 72 пайызы, кәріздік жүйелердегі 60-тан астам пайызы тозған. Бұл олқылықтың орнын толтыру үшін жылына мұндағылар 15-25 пайыз желілерді алмастыру қажет. Қазір мұндағылар ондай қарқынмен жөндеу жұмыстарын жүргізе қоймаса да алдағы уақытта соған жетеміз деп отыр. Былтырдың өзінде кәсіпорын жөндеу жұмыстарына 400 млн теңгеден астам өз қаржысын бөлген. Нәтижесінде 9,4 шақырым құбырлар және 4,5 шақырым кәріздік жүйелер жөнделіпті.

Арман Сауытов – «Қызылжар су» ЖШС техникалық директоры:

-Осы жұмыстардың арқасында біз нормативтік шығындарды 0,5 пайызға төмендеттік. Бұл 2014 жылмен салыстырғанда 18 пайызды құрап отыр.

Сөз алған ПИК төрағаларының көбі монополист компанияның жұмысына көңілдері толатындығын жеткізді. Әсіресе, олардың апаттық шақыруларға дереу жетіп, желі ақауларын жылдам жөндейтіндеріне разы.

Ирина Яуфман – «Эврика» ТК төрайымы:

-Қазір олар шақыртуларға жылдам келетін болды. Жұмыстарды да сапалы атқарады. Кәсіпорынның тәулік бойы жұмыс істейтін диспетчерлік қызметі бар. Өте ыңғайлы болды.

Қазіргі таңда тұтынушылардың кәсіпорын алдындағы қарызы 21 млн теңгеден астам соманы құрайды. Көрсетілген қызмет үшін ақы төлеуден бас тартатын петропавлдықтардың көбінің ісін сот қарастыруда. Айта кету керек, бүгіндері қолдынып жүрген тариф ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейін жұмыс істейтін болады.

 

 

Магжан Ахмадина