МТРА жаңалықтары

Өңірдің халық қалаулылары топан судан зардап шеккендерге бір күндік жалақыларын аударып жатыр

Жақында өңірдегі қоғамдық ұйымдардың бастамасымен жерлестерімізге көмек ретінде есепшот ашылған еді. Қайырымдылық қорына жиналған қаражат топан судан дүние мүлкіне шығын келген жерлестерімізге үлестіріліп берілмек. Биылғы қызыл судың бағытын бұрып, бетін қайтаруға аймқтағы агроқұрылымдар да ат салысты.

Еркебұлан Мәмбетов – “Мәмбетов и К” КС бас директоры, облыстық мәслихаттың депутаты:

-Менкесер мен Бексейіт ауылында жылда осындай мәселе туындап тұрады. Биыл бұл шаруаға 20 адам мен 7 техника тартып, су сору жұмыстарын жүргіздік. Ауданнан да тиісті көмектер жасалды. Бір күндік жалақыны әріптестерімізбен бірігіп шотқа жолдап жатырмыз.

 

Бакыт Садуакасов