МТРА жаңалықтары

Жыл басынан вокзал аумағында 1013 әкімшілік құқықбұзушылықты анықталған

Ерлан Мұхамеджанов – Петропавл станциясы ІІЖБ әкімшілік полиция басқармасының бастығы:

-Оның ішінде қоғамдық орындарла ішімдік ішу фактілері бойынша – 75, ластау, ұсақ тәртіпсіздіктер 37 факті анықталды. Сонымен қатар, кәмелеттік жасқа толмағандардың түнгі уақытта жүруінің 6 фактісі тіркелді.

Тәртіп сақшылары жыл басынан 13 адамды әкімшілік қамауға алып, 185 заңбұзушыға 1 млн 517 мың теңгенің айыппұлын салған. Айта кету қажет, Петропавл станциясы Ішкі істер желілік бөлімінің қызметкерлері вокзал аумағында сәуірдің 4 мен 9-ы аралығында “Өрмекші” жедел-алдын алу шарасын өткізіп, героин затымен шамамен 34 жастағы қала тұрғынын қолға түсіріпті. Тінту барысында одан 0,34 грамм есірткі тәркіленген.

Қазір бұл факті бойынша ҚР ҚК 296 бабының 3-ші бөліміне сәйкес тергеу амалдары жүріп жатыр.
Ал ақпанның 1-і мен 5-і аралығанда ұйымдастырылған “Транзит” жедел алдын алу шарасы барысында есірткі затымен 3 азаматты құрықтаған. Оның екеуінен марихуана табылса, енді бірінен 0,22 грамм героин заты тәркіленіпті. Бұған қатысты тергеу амалдары жалғасуда.

 

 

Риат Шони