Спорт

Солтүстікқазақстандық “Қуаныш” ВК ел чемпионатының қола жүлдегері атанды

Қайырбек Хамзин – “Қуаныш” ВК директоры:

-Қыздарымыз жақсы ойнады. 5-інші турда 3-інші орынды алдына ала алғандықтан жас қыздарды да ойнаттық. Өзіміздің алға қойған мақсатымызға жеттік деп ойлаймыз. Келесі жылы жарыста бірінші орын аламыз деген үміттеміз. Сол үшін бүгіннен дайындаламыз.

Чемпионатта “Қуаныш” ВК тек алматылық және қостанайлық қыздарға есе жіберген. Біздің бұрымдылар біріншілікте жалпы 25 ойын өткізіп, 52 ұпай жинапты. Бүгінде құрама сапында 14 қыз бар. Солардың бірі – Фарида Рамазанова. Бойжеткеннің командадағы қызметі – шабуылды ұйымдастыру.

Фарида Рамазанова – “Қуаныш” ВК ойыншысы:

-Менің волейбол ойнағаныма 5 жыл болды. Осы уақыт аралығында біздің құрама талай жетістіктерге жеттік. Келесі жылы 1-інші орын алуға үміттенемін.

Айта кеткен жөн, “Қуаныш” ВК 2014 жылы Жоғарғы лига ойындарының “А” тобында чемпион атанған болатын. Енді қыздар сәуір айының соңында Алматы қаласына оқу-жаттығу жиындарына аттанбақ.

 

 

Култанов Байболат