МТРА жаңалықтары

Сергеев су қоймасындағы жағдай тұрақталып келеді

Күні кеше шарықтау шегіне жеткен су торабының арнасы дүйсенбіге қарағанда 2 сантиметрге төмендеген. Қазір аудандағы су қоймасы 125 пайызға толыпты. Ал Петропавл су торабындағы ахуал мүлдем бөлек. Тек өткен тәуліктің өзінде қызыл судың деңгейі 13 сантиметрге көтеріліп, 94 метрге жеткен.

Алайда Есіл өзені әлі арнасынан аса қойған жоқ. Естеріңізге салсақ, наурыздың 28-і күні Шал ақын, Тайынша, Есіл, Аққайың, Қызылжар және Тимирязев аудандарындағы 30 ауыл-аймаққа топан су жетіп, жергілікті тұрғындарды біраз әбігерге салған болатын.

 

Бакыт Садуакасов