Құқық қорғау органдары

Өңірде сәуірдің 15-нен ел аумағында тіркелмеген қарулары қабылдау акциясы басталады

Жомарт Аблаев – Петропавл қалалық ІІБ ӘПБ бастығының орынбасары:

-Бұл акцияның негізгі мақсаты – қылмыстардың санын азайту. Қоғамдық орындарда тәртіпті сақтау болып табылады.

Биылғы атыс қаруы, оқ-дәрі, және жарылғыш заттарды қабылдау жөніндегі акция сәуірдің 15-інде басталмақ.

Жомарт Аблаев – Петропавл қ. ІІБ ӘПБ бастығының орынбасары:

-Қаруды тапсырған адамдар әкімшілік жауапкершіліктен босаталады. Және адамдар өткізген қарулары үшін ақша алады.

Өткен жылы өңір тұрғындары жалпы сомасы 37 миллион теңге болатын 765 бірлік қару тапсырыпты. Жерлестеріміздің естеріңізге сала кетсек, иір ойықты автоматтың біреуіне 200 мың теңге төленеді. Ал, ұзын ұңғылы атыс қаруы 100 мың теңгемен бағаланып отыр.

 

 

Култанов Байболат