Спорт

“Қызыл-Жар СҚ” ФК маусымдағы алғашқы жеңісіне жетті

Алғашқы турда жергілікті “Қызыл-Жар СҚ” құрамасы сырт алаңда қызылордалық “Байқоңырмен” кездесті. Солтүстікқазақстандықтар матчтың бірінші минутында-ақ Али Алиевтің орындаған айып добының арқасында алға шықты. Ал 40-шы минутта теріскейліктер сапынан Бошко Ступич мергендік танытты. Осылайша 0-2 есебімен “Қызыл-Жар СҚ” командасы өзінің алғашқы жеңісіне жетті. Енді жерлестеріміз 3 ұпаймен турнирлік кестеде көш бастап тұр. Солтүстікқазақстандықтардың келесі ойыны сәуірдің 16 күні Петропавлда “Қарасай” стадионынада ақтаулық “Каспийге” қарсы өтеді.

Риат Шони