Ауыл шаруашылығы

Өңір диқандарына 65,5 мың тонна арзандатылған дизелдік отын бөлінді

Жеңілдетілген бағадағы отынның құны биыл 95 теңге 5 тиынды құрап отыр. Науқанды мерзімінде аяқтау үшін қазақстандық шаруаларға бөлінген 366,6 мың тонна дизелдік отынның 65,5 мың тоннасы теріскейлік шаруалардың еншісінде. Өңір диқандарына егіс жұмыстарына қажетті жанармайды жеткізуші оператор ретінде “Қазмұнайгаз өнімдері”, “Диамон север” және “Белуар” серіктестіктері бекітілді. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының берген мәліметі бойынша, осы күнге дейін 38,2 мың тоннаның келісімшарты жасалған.

Бакыт Садуакасов