МТРА жаңалықтары

Биыл көктемде солтүстікқазақстандық 600 жігіт әскер қатарына шақырылады

Еркінбек Байболов – СҚО бойынша қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы:

-Қазіргі кезде мерзімді әскери міндеттілер қалаған әскери құрылымда Отан алдындағы борышын өтей алады. Бірақ та үміткерлердің денсаулығы мен білімі соған сай болуы тиіс. Биыл 200-ге жуық әскерге шақырылушылар Қорғаныс Министрлігінің әскери бөлімдерінде, 400-і ҰҰ, Мемлекеттік күзет қызметі мен Шекара қызметіне жолданады. Осы күні кандидаттар дәрігерлік тексерістен өтіп жатыр.

Брифинг барысында ведомства бастығы міндетін өтеуден жалтарын солтүстікқазақстандықтарға қатысты қолданылатын шараларды да тізбектеді. Мысалға, мерзімді әскери қызметке барғысы жоқ әскерге шақырылушы 1000 АЕК айыппұл өтеуге міндеттеледі. Әзірге теріскейде мұндай фактілер орын алмапты. Соңғы уақытта еліміздің Қарулы Күштері қатарында келісімшарт бойынша әскери қызметке орналасқысы келетіндер саны артып келеді. Тек өткен жылы 100 жерлесіміз келісімшарт негізінде қызмет атқаруға жергілікті әскери комисариатқа жүгініпті.

Еркінбек Байболов – СҚО бойынша қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы:

-Қорғаныс Министрлігінің Алматы, Өскемен, Семей, Ақтау қалаларындағы әскери бөлімдерге жіберілді. Оларға жұмыс жағдайы, өтемақы мен жалақы мөлшерін түсіндіреміз. Кейін әскери қызметші командирмен келісімшартқа отырады.

Кездесуде Қорғаныс министрлігіне қарасты әскери-техникалық мектептің қызметі сөз етілді. Бүгінде орталықта мерзімді әскери борышын денсаулығында аздаған кемшілігі бар, жанұя құрған жігіттер өтей алады. 40 күндік оқытудың құны 263 134 теңгені құрайды.

 

 

Бакыт Садуакасов