МТРА жаңалықтары

Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшылармен өтеамқы төлеу жөнінде келісімшарт жасасуда

Ол жуырда теледидардан теңгенің еркін айналымға жіберілуіне байланысты салымшыларға өтеамқы төлеу жөнінде жаңадан өтініштер толтыру қажеттігін естіпті. Бұл хабардан соң қала тұрғыны бірден тиісті құжаттарды рәсімдеу үшін осында келген.

Рахат Мұхамеджанов – салымшы:

– Келісімшартты толтыру көп уақыт алған жоқ. Мамандар маған бірнеше минуттардың ішінде-ақ қызмет көрсетті. Енді саламым көбейетін болды.

Қазір банктің солтүстікқазақстандық филиалында 14 мың 600-ден аса тұрақты клиенті бар. Оның 4 мыңға жуығы өтемақы төлеу жөніндегі қосымшы келісімшарттарды толтырғын. Енді, теріскейліктер бұл құжаттарды үйде отырып-ақ та рәсімдей алады. Ол үшін “Халыққа қызмет көрсету орталығында” бекітілген электронды санды қолтаңбаңыз болса болғаны. Соның көмегімен банкке келмей-ақ сайт арқылы да тіркелуге мүмкіндік бар.

Райхан Әбдірахманова – “Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” АҚ СҚОФ директоры:

– Біз салымшылардан өтемақы төлеу жөніндегі қосымшы келісімшарттарды ақпанның 8-інен бастап қабылдай бастадық. Әзірге клиентеріміздің 28 % ғана құжаттарды ресімдеді. Енді, олар өздері жинаған қаражатқа 35,5 %-бен үстемақы алады. Тұрғындарға мамардың 31-іне дейін келісімшарттар жасасуға мүмкіндік бар. Бұл мүмкіндік тіптен жеңілдетілді. Алыс-шалғайда тұратын адамдар сайт арқылы құжаттарын рәсімдей алады.

Сондай-ақ, бүгін банктің 20 мыңыншы салымшысыда белгілі болды. Бұл қала тұрғыны Мария Исмағамбетова атанды.

Мария Исмағамбетова – “Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” АҚ СҚОФ 20 мыңыншы салымшысы:


–  Мен банктің 20 мыңыншы салымшысы болғандығымды кеше естіді. Бұл хабарды маған телефон арқылы жеткізгенде қуанышымда шек болған жоқ. Шыны керек бастапқыда сенген де жоқпын. Өзім үй сатып алу үшін ақша жинап жатырмын. Болашақта баспаналы болсам деген ойым бар.

Жалпы биылғы жылдың басынан банктің солтүстікқазақстандық филиалына 1503 салымшы қаражат салған. Бұл сомма 2 млрд 400 млн теңгені құрайды.

Култанов Байболат