Құқық қорғау органдары

Солтүстікқазақстандық полицейлер құтқарушыларға тасқынмен күресуге көмектесуде

Тайынша ауданындағы Келлеровка ауылында қызыл судың зардабынан 26 үй зардап шеккен. Баспаналардан 48 адам көшірілді. Кейбірін ауылдағы мектепке орналастырса, қалғаны туысқандарын паналауда. Тәртіп сақшылары қажетті заттар мен үй хайуанаттарын көшіруге де жәрдем беріп, су шайып кеткен жолдарда тәулік бойы кезекшілік атқаруда. Жалпы тасқынға қарсы шараларға аудандық ТЖ бөлімімен қатар жол құрылысымен айналысатын астаналық “Кazpaco” ЖШС-нің техникалары жұмылдырылған.

Сағындық Теміреев – Тайынша аудандық ІІБ бастығының орынбасары:


–  Келлеровка селосында тасқынмен күреске жеке құрамның 25 адамы жұмылдырылған. Сонымен қатар, біздің қызметкерлер Летовочный, Зеленогайский, Леонидовский ауылдарында да жұмыс істеуде. Тәртіп сақшылары топтарға бөлініп, әр округта еңбек етіп жатыр.


 

Риат Шони