Қылмыс

Соғыс ардагерін аюандықпен өлтірген қылмыскерлер ұсталды

Мағжан Жұмабаев ауданының Полтавка селосында тұратын соғыс ардагері адам қолынан қаза тапты. Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары кейін 89 жастағы зейнеткерді өлтірді деген күдікпен 21 жасар екі ауыл тұрғынын құрықтады. Олардың айтуынша наурыздың 24-і күні түнде мас күйінде ардагердің үйіне басып кіріп, қарияны тепкінің астына алған. Бұдан соң үйде бар ақша мен теледидарды қолды етіп, таксимен аудан орталығына тайып тұрған. Ауыр соққы алған қарт, дәрігерлер жеткенше сол жерде тіл тартпай кетеді. Қылмыстың өтеуі – жаза! Енді ұсталған қаныпезерлердің тағдырын сот шешеді.

 

Бакыт Садуакасов