МТРА жаңалықтары

Петропавлда кене мен масаларға қарсы дәрілеу жұмыстарына 5 млн теңге бөлінді

Қазіргі уақытта мамандар адамдар көп шоғырланған жерлерде жәндіктерді улау шараларына кірісіп кетті. Олар ең алдымен Жеңіс саябағы мен қалалық мәдениет және демалыс орнын өңдеуде. Осылайша, сәуір мен қыркүйек аралығында мамандар 564 га жерді дәрілемек.

Константин Ермолин – “Северный Кристал” ЖК директоры:


– Биыл облыстық және қалалық әкімдіктегілер тендерді уақытында өткізіп, біздің компания дәрілеуді жүргізуге жауапты болып бекітілді. Өңдеу жұмыстарын талапқа сай жүргізуге 2 автөкөлік, бүркеуіштер мен 5 қызметкер жұмылдырылады.


 

Бакыт Садуакасов