МТРА жаңалықтары

Өңірде тасқынмен күрес әлі де болса жалғасуда

Бүгінде тасқыннан Келеровка, Красная Поляна, Доброжановка, Обуховка, Многоцветное мен өзге де елді мекендер зардап шекті. Оқиға орындарында тәулік бойы құтқарушылар кезекшілік етіп, халыққа көмек көрсетуде. Қазіргі таңда Сергеев су қоймасындағы су көлемі 893 млн текше метр шамасында. Соңғы тәулікте ондағы су деңгейі 50 см-ге көтеріліп, қазір су қоймасы 128,9 пайызға толған. Ал Петропавлдағы су торабында жағдай тұрақты. Мұнда су көлемі 98 пайызды құрап отыр.

 

Риат Шони