Аптадағы маңызды жаңалықтар

СҚО-да 10 елді мекенді қызыл су басуда

Осы күні Тайынша ауданына қарасты Келлеровка селосындағы 37 ауланы су басқан. Құтқарушылар ондағы 26 адам мен 50 бас үй хайуанатын қауіпсіз жерге көшірді. Қалған тұрғындарға әлі де болса елді мекенге қызыл судың келетіндігі жайыл хабар таратылды. Қазірден ондағы артық су шетке ағызылып, кедергілер орнатылуда. Бүгінде Красная Поляна, Доброженовка, Обуховка, Многоцветное селоларында да жағдай мәз емес. Елді мекендерде су деңгейі 20-30 см-ге көтерілген.
Оқиға орнында құтқарушылар мен жергілікті атқарушы орган қызметкерлері тәулік бойы кезекшілік құрып, суды сыртқа ағызу жұмыстарын жүргізуде. Соңғы тәулікте Сергеев торабындағы судың деңгейі 49 сантиметрге көтерілген.

Берік Қасен