МТРА жаңалықтары

Солнечный кентінде қоғамдық көліктер жүретін көшелерге қиыршық тас төселді

Аталған кентке апаратын жолдар қыстан кейін қазылып, ми батпаққа айналғандықтан қоғамдық көлік қатынауын қойған. Түйткілді мәселе демалыс күндері шешімін тауып, қалалық әкімдіктің тапсырмасымен шұңқырлар қиыршық тастармен бітеліп, автобустың қозғалысы қалпына келген.

Руслан Құрманғожин – “Құсайынов” ЖК жүргізушісі:


– Кестеден қалып жатқан жоқпыз. Өткен аптада көлікпен жүру қиын болған еді. Тас төсегелі бері қозғалысымыз айтарлықтай жақсарды.

Аудан көшелеріндегі шұңқырларды жабуға қалалық әкімдіктегілер 15 машина қиыршық тас әкеліпті.

Дулат Шарапиденов – Петропавл қаласы ТКШ, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмiнің сектор меңгерушісі:


– Кент ішіндегі Сосновая, Прибрежная мен Прохладная көшелеріндегі шұңқырлар сенбі-жекенбі күндері бітеп, тегістедік. Шамамен 15 жүк көлігімен қиыршық тас құм әкелді. Қазіргі уақытта автобустардың көшеде жүрулеріне еш кедергі жоқ.

Елді мекен тұрғындары көшелермен жүру әлі де мүмкін болмай тұр дейді.

Владимир Жолобов:

– Аялдама жаққа жету мүмкін емес. Әкелген қиыршық тастары саз-балшық пен ірі тастарға толы. Бұл сұмдық қой.

Ольга Овчарова:

– Балшық төсеген күні көршілеріміздің жеңіл көліктері жолда жүре алмай, батып қалды. Қалалық әкімдік өкілдерінің атқарған жұмыстарына көңілім толмайды.

 

 

Бакыт Садуакасов