Қоғам

Петропавлдағы түнеп шығу бекетін жыл басынан 300 солтүстікқазақстандық паналаған

Үй-күйсіз жүргендерді бекетке тәртіп сақшылары жеткізсе, әлеуметтік қызметкерлер оларды емдеп, төсек-жатынмен қамтамасыз етеді. Жуырда орталықтың тыныс-тіршілігімен ҚР Қызыл Ай қоғамының облыстық филиалының мамандары танысты. Ұйым өкілдері баспанасы жоқ жандарға көмек ретінде азық-түлік пен жылы аяқ-киімдерді тарту етті. Айту қажет, үйсіз жүргендерге пана Жұмысшы кентінде ашылған. Полицейлер орталықтың арқасында қаңғыбастардың қыста үсіп қалу фактілері орын алмады дейді.

 

Бакыт Садуакасов