Қоғам

Тайынша ауданының алимент төлеушілері балаларына 1,5 млн теңге қарыз

Берешегін қайтара алмай отырған әкелердің басым көпшілігі – жұмыссыздар. Осыған орай жергілікті прокурорлар мен уәкілетті орган өкілдері оларды қызметке орналастыру бойынша түрлі шараларды қолға алуда. Наурыз айының соңында мамандар “Ата-ана міндеті” акциясын ұйымдастырған. Шара аясында аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлері алимент төлеушілерден борышты өндіріп алу үшін бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін өткізді. Нәтижесінде 15 адамның 2-еуі кәсіп тапқан. Бұл қарыздың 200 мың теңгесін азайтуға септесті.

Култанов Байболат