МТРА жаңалықтары

Су басқан Донецкое селосынан 153 адам қауіпсіз жерге көшірілді

Қазір жергілікті Подольское орта мектебіне орналастырылған тұрғындардың ішінде 35 бала мен 1 мүгедек бар. Олардың барлығы 3 мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Сондай-ақ, адамдармен бірген 300-ге жуық ірі қара мал да қауіпсіз аймаққа шығарылған. Бүгінде қар суын тоқтату үшін ауданда 84 маман мен 21 бірлік техника жұмыс істеуде. Қазіргі уақытта Донецкое селосында 25 үйге келіп жатқан су тоқтатылыпты. Айта кетейік, бұл елді мекенде 400 адам халық бар.

Айгерим Ержанова