Спорт

“Қызыл-Жар СК” ФК 16 сәуірде өз алаңында ақтаулық “Каспий”-ді қабылдайды

Жақында ойынның 1/8 финалында жеребе салу рәсімі өтті. Біздің аяқдоп шеберлеріміз қостанайлық “Тобыл” командасымен сәуірдің 27-сі кездеседі. Ел кубогының бастапқы кезеңінде жерлес құрама қызылордалық “Байқоңырды” 3:0 есебімен тізе бүктірсе, теміртаулық “Шахтер-Болат”-ты 2:1-мен ұтқан болатын. Айта кетейік, футболдан бірінші лиганың командалары арасындағы Қазақстан біріншілігі сәуірдің 10-ны бастау алады. Енді “Қызыл-Жар СК” қызылордалық “Байқоңырмен” кездеседі. Ал, сәуірдің 16-шы жұлдызында Петропавлда “Қарасай” стадионында ақтаулық “Каспий” футболшыларымен алғашқы матч өткізілмек.

Сагыныш Маркашева