Спорт

Петропавлдық студенттер арасында ұлттық ойындардан жарыс өтті

Бұл сайыста ЖОО-ның студенттері жеңімпаз атанды. Олар екі команданың мүшелерін де оңайлықпен ұта білді.

Шухрат Машур – М.Қозыбаев атындағы СҚМ студенті:

-Ойын өте тартысты өтуде. Көзге жеңіл көрінгенімен, қарсыластарды жеңу оңайға соқпайды. Бірақ, соған қарамастан, біз жеңімпаз атануға тырысамыз. Өйткені, біздің топтың балаларының достығы мықты, күші де аз емес.

Айту керек, әр команда 10 адамнан құралған. Топтың мүшелері – әр түрлі ұлттың өкілдері. Ішінде қазақ, орыс, әзірбайжан, татар және ұйғыр да бар.

Людмила Гривенная – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ ҚХА кафедрасының меңгерушісі:

-Осы сайыстар арқылы түрлі ұлт өкілдері халықтар мәдениеті жайлы ақпарат алады. Жаңа достар табады. Бір-бірін сыйлауды үйренеді. Дәстүріміз келесі жылы да жалғасады деген сенімдемін.

Мұндай сайыс облыс орталығында осымен екінші жыл қатарынан ұйымдастырылуда. Биылғы жеңімпаздар дипломдар мен тәтті сыйлықтарға ие болады.


 

Айгерим Ержанова