МТРА жаңалықтары

Петропавлда жас музыканттардың облыстық “Дебют” байқауы өтті

Ол домбыраның қос шегін қатар шертіп, 19 перне бетін нота ретімен басуда. Күй ырғағы баяу болғанымен өзіндік қиындықтары бар. Мәселен, туындының кей тұстарында автор жоғары ырғақты ұстаса, кей сәтте төменгі әуенді сақтай білуі қажет.

Ислам Шөкенай – байқауға қытысушы, Ақжар ауданы:

– Мені байқауға ұзтасым дайындады. Домбыраны бірнеше жылдардан бері тартамын.

Ал, бұл бөлмеді жас баяншылар сынға түсуде. Олар сайыста аспаппен ұлттық әуендерді ойнауда. Өнерпаз Ислам Бектұрған байқауға орыс халқының бірнеше шығармасын әзірлепті. Балғынның алға қойған арманы да асқақ.

Ислам Бектұрған – байқауға қытысушы, Уәлиханов ауданы:

– Баянда 6 жасымнан бастап ойнаймын. Болашақта осы баянды оқушыларға үйрететін мұғалім болғым келеді.

Жалпы, Петропавлда жас музыканттардың облыстық “Дебют” байқауы жыл сайын өтеді. Биылғы жарысқа өңіріміздің 100-ден аса өнерлі ұл-қыздары қатысуда. Олар ұлттық аспаптарда жекелей жән топ болып ойнап бақтарын сынайды.

Ирина Колодаева – СҚО балалар шығармашылығы орталығы директорының орынбасары:

– Байқауды ұйымдастырудағы мақсат – жас музыканттарды анықтап, оларға жол көрсету. Бүгінгі шарада өте дарынды балғындарды байқаудамыз. Жарыста олардың домбыра, баян, қобызда ойнаулары бағаланады. Сондай-ақ, ансамбль болып сынға түсіп жатқан ұл-қыздардың да шеберліктерін есепке аламыз.

Байқау соңында үздік атанғандар грамота және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 

Култанов Байболат