Құқық қорғау органдары

Өңірдегі заңбұзушылықтарды алдын алу ведомствоаралық комиссияның отырысында қаралды

Қанат Айтбаев – СҚО ІІД Жергілікті полиция қызметінің бастығы:

-Облыс аумағында жол-көлік апатынан жарақат алатындардың саны 19 пайызға қысқарып отыр. Оқиғаның көбі жүргізушілердің кінәсінен орын алған. Олар жылдамдықты шамадан тыс асырып немесе қарсы беттегі жолға шығып кеткен. Былтыр 2 мыңға жуық жүргізуші мас күйінде ұсталды және соншасы куәлігінен айрылды.

Облыс прокуроры Степан Зайтлер қаладағы жылдамдық өлшегіш бейнебақылау камераларының істен шыққанын айтты. Оған қоса жолдардың жағдайы мүлде нашар. Көлік апаттарының орын алуына бұл да себеп болып жатады.

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

 

-Тозығы жеткен жолдарды 5 жылда бір рет қалыпқа келтіріп отыру қажет. Істен шыққан бейнебақылау камераларды қалыпқа келтіріңдер.

Сондай-ақ, барлық аудандарда жастары 21-ге толмаған азаматтарға алкогольдік өнімдерді сату фактілері тіркелген. Мысалы, былтыр Есіл ауданында ішімдікті заңсыз саудалауға қатысты 8 жайт орын алған. Облыс прокуроры Степан Зайтлер заңбұзушылардың аты-жөнін қоғамдық орындарға іліп жөнге салу керек деген ұсынысын айтты.

Берік Қасен