Спорт

“Құлагер” ХК ел чемпионатының қола жүлдегері атанды

Соңғы матч наурыздың 23-і күні Жайық жағасында өтті. Ойынның басын қос тарап белсенді бастағанымен айдын иелері бірінші периодттың соңына таман Джон Мюррей қорғаған қақпадан саңылау таба білді. Кейін серпілген шайбаны Алексей Рыжих қайта ұрып, атыраулықтарды алға шығарды. Бұл кездесуде бір-ақ гол соғылды. Осылайша петропавлдықтармен 5 матч өткізген “Бейбарыс” командасы “Құлагерді” жалпы есепте 4-1-мен тізе бүктіріп ел чемпионатының алғашқы финалисті атанды. Енді, көкшетаулық “Арлан” мен павлодарлық “Ертіс” командаларының қайсысы жеңеді, сол “Бейбарыс”-пен ойнайды. Ал теріскейліктер үшін осымен маусым аяқталды. Оның қорытындысы бойынша жерлестеріміз жүлделі үшінші орынды иеленді.

 

Риат Шони